Маңғыстауда аудан тұрғынынан мефедрон табылды
Мұнайлы ауданының тұрғыны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Мұнайлы ауданында есірткі заттарын сақтаған 42 жастағы тұрғынды анықтады.
Оның жеке басын тінту кезінде полицейлер ашық түсті затты тауып, тәркіледі.
Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат – жалпы салмағы 1,5 грамм болатын мефедрон екендігі анықталды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.