Елде болу ережелерін бұзған шетелдіктер анықталды
Шымкентте «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заң бұзған шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының аумағында Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 147 шетелдік пен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 101-і шетелдік, 46-ы ҚР азаматы.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 30 адам орналастырылды. 447 азаматтың саусақ іздері алынып ІІО-на есепке қойылды.
Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 38, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – сегіз Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, олар ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып, азаматтарды мазалап жүрген екі шетелдік анықталып, ел аумағынан аластатылды. Сондай-ақ, «Мигрант» ЖПІШ-сы барысында бұрын іздеуде жүрген екі азамат ұсталды.