Ақтөбелік полицейлер тас жолда Қырғызстан азаматына көмек көрсетті
Ақтөбелік полицейлер тас жолда Қырғызстан азаматына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қатты аяз бен ауа райының төмендеуіне байланысты полиция қызметкерлері апта бойы тас жолдарда кезекшілікте жүреді, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қала сыртына шығып, қиындыққа тап болған автокөлік жүргізушілеріне көмектеседі.
Осындай жағдайлардың бірі, 9 ақпанда орын алды. «Daewoo Matiz» автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан азаматы, Ресей-Қығызстан бағытында келе жатқан. «Самара-Шымкент» автожолының 1240-шақырымында көлік доңғалағы жарылып, бір жарым сағат бойы жолда тұрып қалған.
Осы кезде патрульдік полиция ротасының инспекторлары тоқтап, жүргізушіге жылынуға, сондай-ақ сынған дөңгелекті ауыстырып, техникалық ақаулықты жоюға көмектесіп, жолда сәттілік тіледі.
Көлік иесі Ақтөбе облысының полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені және қалыптасқан жағдайға немқұрайлы қарамағаны үшін алғысын білдірді.