Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының түзеу мекемесінде тінту жұмыстары өткізілді

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/8 мекемесінде тінту жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесінде прокуратура өкілдерінің, № 3660 әскери бөлімінің жеке құрамының, ҚАЖД қызметкерлерінің қатысуымен мекеменің аумағын тінту және сотталғандарды жеке тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тінту барысында қызметкерлер 31 дана ұялы телефон (16 дана қарапайым телефон, 15 дана смартфон), 10 дана қуаттау құрылғысын, 6 дана сим-карта, 3 дана құлаққап, 3 дана MP3 плеер, 2 дана ойын картасын, 30 метр электр сымы мен 17 дана қолдан жасалған тесуге және кесуге арналған құрал  (пышақ, қайрақ және т.б.) тауып, тыйым салынған заттар тәркіленді.

 – Мекеме қызметкерлері тарапынан жазасын өтеп жатқан сотталғандарға туған-туыстарының тыйым салынған заттарды беру және мекеменің сыртқы қоршауынан лақтыру фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстардың тұрақты түрде жүргізілуіне қарамастан, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына енгізу фактілері орын алып тұрады. Осыған байланысты мекеме әкімшілігі үнемі тінту жұмыстарын жүргізеді. Туыстарын құқық бұзушылыққа итермелеген сотталғандардың міндетті түрде тәртіптік жазаға тартылатынын, ал тыйым салынған заттарды мекемеге өткізуге талпынған азаматтардың жазасыз қалмайтынын ескертеміз, – деді өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

– Тінту өткізу барысында мекеме әкімшілігі мен ҚАЖД қызметкерлері тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Сотталғандар тарапынан тінту жұмыстарына байланысты арыз-шағымдар түскен жоқ. Осы іс-шараның заңдылығын және сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық әрекеттерді бейнекамераға түсіру қамтамасыз етілді, – деді прокуратура өкілі Азамат Абдулдаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру