Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саран қаласында жас жігіттерден құралған топ 20 минут ішінде екі дүкеннен ұрлық жасаған

Қарағанды облысының Саран қаласында жас жігіттерден құралған топ 20 минут ішінде екі дүкеннен ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпанның 9-ынан 10-ына қараған түні Қарағанды облысының Саран қаласында арасына жиырма минут салып, бірінен соң бірі екі дүкеннің дабыл белгілері іске қосылған.

Қаскөйлер бірінші сауда орнына пластикалық терезені сығымдау арқылы кіріп, үй-жайдың бөлмелерінің бірінің пластикалық есігінің әйнегін сындырып, жалпы сомасы 15 мың теңге тұратын мүлікті ұрлаған.

Екінші жағдайда ұрылар сауда үйіне торды майыстырып, терезе арқылы кірген. Бұл жерден олар алты мың теңге иемденген.

Полиция қызметкерлерінің сауатты және кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде түнгі екі ұрлыққа қатысы бар 19, 20 және 21 жастағы үш күдікті ұсталды. Олар кінәларын мойындап, заттай айғақтар алынды.

Бұл фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру