Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мал ұрлығының 155 фактісі тіркелді

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының аумағында мал ұрлығының 155 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ, қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істерді тоқтату фактілері бар, яғни мал табылып, осыған байланысты 2020 жылдың қорытындысы бойынша 21 қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл ретте 125 қаскүнем ұсталды. Барлығы 1003 бас мал ұрланып, оның 378-і табылып, иелеріне қайтарылды. Келтірілген шығын сомасы 148 млн теңгеден асады.

– Қылмыстың осы түрін жасауға ықпал ететін негізгі себеп-меншік иелерінің өз мүлкіне бақылаудың болмауы. Малды еркін жайлауға жібере отырып, шопандар оларға ештеңе болмайды деп үміттенеді және оларды қараусыз қалдырады.
Облыс аумағында мал ұрлануының алдын алу мақсатында аудан әкімдіктерінің мәліметтері бойынша иесіз малға арналған 97 қора ұйымдастырылған, алайда иесіз малды ұстау бойынша бұл қораларды пайдалану іс жүзінде жүзеге асырылмайды.​​
Айта кету керек, мал ұрлығын анықтау туралы уақтылы жүгінбеу қылмысты ашу процесін қиындатады, – деп атап өтті облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Серік Шалхаров.

Бұдан басқа, мал ұрлығы мен жоғалуына жол бермеу мақсатында, Ақтөбе облысының Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауылдық жерлерде халықпен тұрақты түрде жиындар өткізеді, онда мал ұрлығының алдын алу, ұжымдық жаюды ұйымдастыру, қораларды нығайту, сондай-ақ үй жануарларын уақтылы белгілеу және таңбалау мәселелері қаралады.
51 ШҚ жұмыс нәтижелері бойынша 68 GPS трекер сатып алынды.

Мал ұрлығының алдын алудың пәрменді шараларының бірі қолданыстағы заңнаманы бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету болып табылады, оларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қорытындылай келе, Ақтөбе облысының Полиция департаменті облыстың барлық азаматтарына қырағы болуға және өз жануарларының сақталуына жауапты болуға және өзіңіздің мүлкіңізді ұрлауға жол бермеу үшін уақтылы шаралар қабылдауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру