Қостанайда полиция қызметкерлері автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады
Қостанай облысында полиция қызметкерлері автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 12 ақпаннан 13 ақпанға қараған түні болған. Түн ортасында облыс орталығындағы Ворошилов көшесінің бойындағы аулалардың бірінен «Ваз 2107» маркалы автокөлігі ұрланған.
Көлік иесі ұрлық туралы полицияға хабарлап, көліктің жанармай багы толық екенін және дабыл белгісі орнатылмағанын айтты.
Аталған факт бойынша полицияның барлық жасақтары дереу бағдарланды.
Бірнеше минуттан кейін «Автоураган» автоматтандырылған кешенінің көмегімен көліктің Әуежай ауданында кетіп бара жатқаны анықталды, содан кейін көліктің ізі жоғалып кетті.
Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта орналасқан кенттерді тексере бастады.Қостанай ауданының Рязановка ауылының маңында полицейлер Алексей Рудаков пен Әділ Қартабаев іздеудегі машинаға ұқсас көлікті анықтаған. Жүргізуші полиция қызметкерлерін байқап, жылдамдықты арттырып, сытылып кетуге тырысты.
Күдіктіні ұстауға басқа да іздеу тобы қосылды. Нәтижесінде Қостанай ауданының 22 жастағы тұрғыны Майкөл ауылының маңында ұсталды. Ұсталған адам көлікті мас күйінде айдап әкеткен. Ол қамауға алынды.
Айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу басталды.