Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда адам тонаған күдіктілер ұсталды

Теміртау қаласында адам тонаған екі күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 ақпан күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне белгісіз екі адамның 52 жастағы азаматшаның ішінде ақшасы бар әмияны салынған қол сөмкесін тартып әкеткендігі туралы хабарлама түсті. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі шамамен 9 мың теңгені құраған.

Қылмыстың ізін суытпай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 19 және 23 жастағы екі азаматты ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру