Ордабасылық полицейлер көшеде адасып жүрген үш жасар қызды тапты
Ордабасылық полицейлер көшеде адасып жүрген үш жасар қыз баланы тауып, анасына жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті Ордабасы АПБ қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында, Темірлан ауылы Азимбаев көшесінің бойында адасып жүрген қыз баланы тауып, Ордабасы АПБ жеткізді.
Анықтау барысында үш жасар қыз ойнап жүріп үй ауласынан шығып кеткен. Шамамен 3-4 шақырымға ұзап, үйін қайта таба алмай қалған. Ордабасы АПБ қызметкерлерімен бүлдіршіннің небары 20-30 минутта анасын тауып, қауыштырды.
Баласымен қауышқан ана полицейлерге өз алғысын айтты.
– Менің қызым кешкі 19:00 шамасында, есік алдында ойнап жүрген, мен кешкі тамақ жасауға үйге кіріп кеткен болатынмын. Сол уақытта ауладан шығып кетіпті. Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлеріне үлкен алғыс. Олар маған баламды тауып берді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!, – деп өз алғысын білдірді.
Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға, балаға дұрыс қарау заң алдында жауапкершілігі бар екенін ескертеді. Сонымен қатар әрбір баланың өмірі мен оның қауіпсіздігі біз үшін маңызды!