Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Табиғатты қорғау полициясы хабарламаларға қалай жауап беретіндігін полицияда айтты

Табиғатты қорғау полициясы әлеуметтік желілердің хабарламаларына қалай жауап беретіндігі жайлы жергілікті полиция қызметінде айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік аясында мақсатты іс-шара өткізді.

Азаматтардың әлеуметтік желілерден берген дабылдары бойынша табиғатты қорғау полициясының инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін анықтады.

– Қаланы көріктендіру ережелерін бұзушылыққа табиғатты қорғау полициясының учаскелік инспекторлары бірінші болып әрекет етеді. Бұл бөлім қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер мен жануарларды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтармен айналысады. Сондықтан табиғат пен тіршілік иелеріне қол сұғушылықты анықтаған кезде қала тұрғындары дереу жергілікті полицияға хабарласулары керек. Бүгінде бәрімізге белгілі, барлық жауапты учаскелік полиция қызметкерлері «Facebook» желісіне тіркелген. Әр тұрғын өзінің учаскелік полиция қызметкерінің парақшасын тауып, онымен желі арқылы ешқандай формальдылықсыз байланыса алады. Бұл жедел әрекет етуге және уақытында тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Медеу ауданында аулалардың бірінің тұрғындары өздері болмаған кезде тұрақ орындарын сақтау үшін заңсыз түрде «бақа» орнатқан. Мұндай «басып алушылық» әрекеттер Алматы қаласының абаттандыру ережелеріне тікелей қайшы келеді.

– Мұндай әкімшілік құқық бұзушылықтар сирек кездеспейді, бірақ олар көршілер мен көпқабатты үйлердің басқа тұрғындарының ашу-ызасын тудырады. Бұл түсінікті, өйткені ешкімнің ортақ пайдаланатын жерлерді иемденуге құқығы жоқ. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен мұндай қондырғылар бөлшектелуге жатады және орнатқан адамның өзіне ешқандай ескертусіз 20 АЕК айыппұл салынады. Сондықтан пәтер жалдаушылар үшін меншік иелері бірлестігі немесе ПИК құрамымен мәселелерді шешкен дұрыс, – деп ескертті Саттаров.

Бостандық ауданында топырақ тасымалдаумен жұмыс істейтін жүк көліктері негізгі тасымалдау ережелерін сақтамады. Атап айтқанда, жүк көлігінің жүргізушілері брезентті жүктелген кузовқа тартпады және дөңгелектерді ауданнан шығар алдында шаймады. Осылайша жүк көлігінің жүргізушілері көшелерді ластап, сол арқылы қаланы көркейту ережелерін бұзды.

– Бұл дабыл біздің инспекторларымызға желілер арқылы да жіберілді, олар уақытында жауап беріп, ауыр жүк көлігінің 10 жүргізушісіне қатысты әкімшілік шаралар қолданды. «Нұр Алатау» шағынауданындағы жеке аумақтың иесі учаскені тегістеу туралы шешім қабылдады және мердігерлерді жалдады, олар өз кезегінде осындай жұмыстардың ережелеріне сәйкес барлық қажетті шараларды сақтауды қажет деп таппады. Нәтижесінде жолды ластайтын жүргізушілерге ҚР ӘҚбК-нің 505 бабы (Қаланы және елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылымды жою, қаланың жасыл аймақтарын бұзу және бүлдіру) бойынша айыппұл салынды. Айтпақшы, ереже бұзған жүргізушілердің кейбіреуі ҚР ӘҚбК-нің 505-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, демек, олар бір жылдың ішінде екінші рет белгіленген Ережені елемеді. Бұл жағдайда айыппұл 30 АЕК-ке дейін көбейтіледі, – деп қорытындылады Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру