Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жүректен жүрекке»: криминалдық полиция қызметкерлері көпбалалы отбасына көмектесті

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері көпбалалы отбасына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жүректен жүрекке” қайырымдылық науқанының шеңберінде №61 мектеп оқушыларының ата-аналарына қайырымды іс жасау тапсырылды: көпбалалы отбасындағы балаларға, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсету. Бұл істі орындауды Алматы қалалық ПД Жедел-криминалдық полиция басқармасының аға лейтенанты, криминалист Динара Еспаева қуана-қуана өз міндетіне алды.

– Түркісіб аудандық Полиция басқармасындағы әріптестерім арқылы көмек көрсетуді артық етпейтін отбасын таптым. Бұл ойымды өзімнің әріптестеріме ұсындым, өзім күткендей бірауыздан көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Әріптестерімізбен қажетті сомманы жирағаннан кейін, олардың жұмыстарына бөгет болмасын деп, жолдасымнан қажетті азық-түлікті сатып алуға көмек көрсетуін сұрадым. Жолдасым да полиция қызметкері болса да, уақыт бөліп, екеуміз бірге өзімізбен бір ауданда тұратын көпбалалы отбасына барып қайттық – деді үш баланың анасы Динара Еспаева.

Давыдовтар отбасында бір баспанада жеті адам тұрып жатыр: ерлі-зайыпты Давыдовтар, олардың кәмелет жасқа толмаған төрт баласы және егде жастағы мүгедек әжелері. Жанұяда жұмыс істеуге қабілетті тек аналары ғана.

– Әлияны шын мәнінде батыр ана деп атауға болады, себебі көп балалы ана бола тұра, ол бүтін бір отбасын өзі асырауда, сонымен қатар, бұл жағдайына шағымданбайды. Жолдасының мүмкіндігі шектеулі, жақында ота жасалды сол себепті қазіргі таңда жұмыс істеуге қауқарсыз. Әлия балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Сол себепті осы отбасы жайлы білгеннен кейін, барып-қайтуға асықтым. Бұл жанұя тұрмысы төмен отбасылардың қатарынан емес, тек көп адамдардың басынан өтуі мүмкін қиын жағдайға тап болды. Алайда жақын арада барлығы реттеледі деп үміттенеміз, бастысы қиындыққа мойымау қажет, ал айналадағы адамдар осындай жағдайларға бей-жай қарамай көмек көрсету керек, – деді Еспаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру