Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда тұрып қалған көліктің жүргізушісіне түркістандық полицейлер көмек көрсетті

Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлеріне жергілікті тұрғындардың бірінің атынан алғыс айтылған бейнежазба келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізуші, жолда қалған кезінде өзіне көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан.

Белгілі болғандай, Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Еркеғали Исабев пен Әділ Жакиповтер патрульдеу кезінде Шымкент-Самара тас жолының 58-61 шақырым аралығында жол жиегінде тұрған «Газель» маркалы көлікті байқаған. Содан полицейлер көліктің жанына барып, жүргізушіден хал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек қажет пе деп сұрайды. Нәтижесінде жүргізуші көлігінің жанармайы таусылғандықтан, бірнеше сағат бойы қозғала алмай тұрғандығын айтқан.
Болған жайттан хабардар болған тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, көлікті қызметтік көліктерімен сүйреп, бес шақырым қашықтықта орналасқан жанармай құю бекетіне жеткізеді. Полицейлердің қамқорлығына тәнті болған ер адам оларға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тілеп, тек биіктен көрініңдер деген ризашылығын жеткізді.

Осы тұста атап өтер жайт, бүгінгі таңда облыс автожолдарынан өтетін республикалық маңызы бар жолдарда патрульдік полицияның 13 экипажы жүреді. Олардың міндеті – жолдағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу және жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жолға шықпас алдын жанар-жағармайларыңызды, ас-суларыңызды қамдап шығыңыздар деп ескертеді. Ең бастысы, көлігіңізді тексеруді ұмытпаңыз. Сондай-ақ ауа райы мен жолдардың жағдайы туралы келген хабарламаларды назарға алуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру