Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Терезесі күңгірттелген көліктің жүргізушісі жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері көлігінің терезесін күңгірттеп жүрген жүргізушіні жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полицейлері жол ережесін бұзушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде Созақ АПБ ЖПҚ ППТ аға қызмет инспекторы Тұрсынхан Пешеков кезекті әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшысы, Шолаққорған ауылы Жібек жолы көшесінде "Нексия" маркалы көлігін жол қозғалысы ережесін бұзып, терезесін күңгірттеп алғаны үшін тоқтатып, сол сәтте бірден көлік терезесін күңгірттеген жапсырма алынып тастады. Одан ары жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында көліктің техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды.

Полицей жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Жүргізуші орнынан көруді шектейтін заттарды орнату немесе к/қ алдыңғы және алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабындарды/пленкаларды жапсыру), 590-бабы 9-бөлігі (Ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) бойынша хаттамалар толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. Ең бастысы көлікті қажетті құжатсыз басқармау керек. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы - жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан, жолда барынша абай болыңыз, көлігіңізді, құжаттарыңызды заңға сай етіп алып жүруді дағдыға айналдырыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру