Сарыағаш АПБ-нің полицейлері "Қару" жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде
Сарыағаш АПБ-нің полицейлері "Қару" жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 13-20 ақпан күндері аралығында Түркістан облысының аумағында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты - тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және сату жайттарын анықтау, атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу мен ашу, қарудың заңсыз айналымымен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды, басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.
"Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Сарыағаш АПБ қызметкерлерімен 300-ге жуық қару негізгі тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріліп, оның ішінде 18 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша 12 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. Аталған қаруларға жарамдылығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Түркістан облысының полицейлері "Қару" жедел алдын алу іс-шарасының өз жалғасын табатынын ескертеді. Сонымен қатар тіркелмеген қаруларыңыз болса полицияға тапсырыңыздар.