Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тәртіп пен заңдылықты орнату бағытында идеологиялық жұмыстар жүргізілуде

Түркістан облысында тәртіп пен заңдылықты орнату бағытында идеологиялық жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бағлан Халықовтың нұсқауына сәйкес, саптық және арнайы бөліністері жауынгерлерінің оң келбетін қалыптастыру мен олардың имиджін арттыру мәселесі зерделенген.

Сол себепті, саптық бөліністерде моральдық психологиялық жағдайды жақсарту, патриоттық сезімдерді көтеру, радикалдық көзқарастардың жолын кесу, алдын алу және болдырмау, тәртіп пен заңдылықты орнату бағытында идеологиялық жұмыстарды жүргізуде.

Сонымен қатар Келес АПБ-не Келес ауданының бас имамы Айдарбек Садиковты арнайы шақыртып, Келес АПБ-нің мәжіліс залында санитарлық талаптарды сақтай отырып жеке құраммен кездесті. Жеке құрам арасында радикалдық көзқарастарды болдырмау мақсатында дәріс өткізді. Кездесу барысында, Келес ауданы бас имамы А.Садиков тарапынан жеке құрамға арнайы дін мәселелері бойынша жазылған жадынама қағаздары таратылып, осы бағытта да түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру