Балқаш қаласының тұрғыны дүкендердің бірінен 36 дана қысқы бас киімді қолды қылған
Балқаш қаласының полицейлері дүкеннен бас киімдер ұрлаған азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 ақпан күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы сауда орындарының бірінің басшысы хабарласқан. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз біреудің сауда орнынан 36 дана қысқы бас киімді ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 75 мың теңгені құраған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
19 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған азамат қылмысын мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол ұрланған бас киімдердің жартысын төмен бағаға сатып үлгерген. Тергеу амалдары жүргізілуде.