Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер досының телефонын тартып алған азаматты ұстады

Қазығұрттық полицейлер өз досына күш көрсетіп, ұялы телефонын тартып алған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзінің жақын танысы күш көрсетіп «Самсунг А10» ұялы телефонын алып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Қазығұрт АПБ-нің полицейлері күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті арызданушының досы болып шықты. Сондай-ақ күдікті жас жігіт өз досын көлігіне салып жайылымдық жерге апарып ұрып-соққан. Сонымен қатар күдікті досының ұялы телефонын қарызын қайтармағаны үшін өзінше билік етіп, алып қойғаны белгілі болды. Бүгінгі таңда ұялы телефон заңды иесіне кайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Тәртіп сақшылары тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкіне бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер сіз заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру