Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер іздеуде жүрген адамды ұстады

Сарыағаштық полицейлер іздеуде жүрген адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ Криминалдық полицияның қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары аясында, мал ұрлығы қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен бір жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады.

Осылайша, 2020 жылдың жазында полиция бөліміне Сарыағаш ауданының тұрғынының үш бас сиырын ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түседі. Күдіктілер жәбірленушінің қорасына кіріп, үш бас малын айдап кеткен. Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бабымен СДТБТ-не тіркеуге алынды.

Сол жылы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, полицейлер қашып жүрген екі күдіктіні ұстап, соттың үкімімен үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ал бір жыл бойы іздеуде жүрген үшінші күдікті Шымкент қаласында жасырынып жүрген.

2021 жылы Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері іздестіру іс шараларының нәтижесінде, жасы 30-дан асқан күдікті азаматты Шымкент қаласында жалдамалы жұмысшы болып жүрген жерінен ұстады.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысында. Бүгінгі таңда күдіктінің жасаған ісіне қатысты құжаттар сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Шаруашылық аулалары мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет. Сондай-ақ үй малына ен-таңба салдырып, бақташы жалдау керек. Егер, сіз, мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру