Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда түнде көшеде жүрген жасөспірімдер полицияға жеткізілді

Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттер жасауға бейім, қадағалаусыз өмір сүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында Павлодар қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша тоғыз ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары 30-дан астам қолайсыз отбасыны тексерді.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде үш ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, асырауында кәмелетке толмаған ұлы бар облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол бала тәрбиесімен айналыспай, ішімдікке салынған. Қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі бойынша материал жиналды. Сондай-ақ алдын алу іс-шарасы барысында төрт қолайсыз отбасы ішкі істер органдарына есепке қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру