Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 2 бала зардап шекті
Жыл басынан бері Ақтөбеде 13 бала жол апатынан жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөлік салонындағы баланың өмірі толығымен жүргізушіге байланысты. Өкінішке орай, ата-аналардың қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуі өзі үшін ғана емес, бала үшін де өте қайғылы аяқталуы мүмкін.
Мысалы, 1 наурызда Ақтөбеде маршруттық автобус пен жеңіл автокөліктің қатысуымен ЖКО орын алды, онда «Дэу-Нексия» автокөлігінің салонындағы екі бала зардап шекті.
Автокөлікпен сапарға шығарда, баланы балалар креслосына отырғызыңыз, балалар оған тез үйренеді және басқа орынға отырмайтын болады. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін өзіңіз бекітіңіз, өйткені бұл балаға жақсы үлгі болады.
– Балаларды ерте жастан бастап жол ережелерін сақтауға үйретіңіз. Жеке мысал оқытудың ең түсінікті түрі екенін ұмытпаңыз. Есіңізде болсын! Бала сізден, ата-анадан және басқа ересектерден үлгі алып, «жол заңдарын» үйренеді. Сіздің мысалыңыз тек сіздің балаңызға ғана емес, сонымен қатар басқа балаларға да көшеде тәртіпті болуға үйретсін, – деп түйіндеді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында балалардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы орын алып, 13 бала түрлі дене жарақатын алды.