Ақтөбеде жаза өтеу шарттарын бұзған есепте тұрған сотталған түзеу мекемесіне қамалды
Ақтөбеде жаза өтеу шарттарын бұзған есепте тұрған сотталған түзеу мекемесіне қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап жымқырғаны үшін кінәлі танылып, үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Т. 2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметіне есепке алынды.
Есепке алынған күннен бастап, пробация қызметкерлері сотталған Т.- ға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтеу шарттары және бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін түсіндіреді. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттер мен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібінің шарттарын қаскөйлікпен бұзу- сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіп, сотталған азаматтан жазбаша қолхаттар мен түсініктемелер алынады.
Алайда сотталған Т. жаза өтеу барысында бірнеше рет сот жүктеген міндеттерді орындаудан бас тартады. Соған қарамастан, қоғамдық орындарда ішімдік ішкен күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мұғалжар аудандық № 2 пробация қызметі ҚР ҚАК-нің 68-бабы 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, жоғарыда орын алған деректерге қатысты сотталған Т.-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы тиісті ұсынысты Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотына жолдайды. Аудандық сотпен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталған Т.- ның бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі екі жыл сегіз ай екі күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Сот қаулысы занды күшіне енді.
– Сотталған Т. жаза өтеу барысында өзімен жүргізілген тәрбиелік іс-шаралардан еш нәтиже шығармады және тәртібіне ден қояр деген үмітпен тағайындаған соттың шешіміне құрметпен қарамады. Ол өзіне берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, түзелуге деген ынта-жігер танытқан жоқ.
Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу- бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болады деп ойлаймыз, – дейді Мұғалжар аудандық № 2 пробация қызметінің инспекторы Сейдолла Абдуллин.