Ақмолалық тергеуші боксшы болып табылады
Polisia.kz сайтының редакциясы қиындықтарға мойымай, қызметте де, спортта да түрлі жетістіктерге жетіп жүрген жандардың бірі – Ақмола облысы Ақкөл ауданының ПБ тергеушісі болып табылатын Аяулым Кәрімова туралы айтып бермек.
Қазақ елі сақшылары арасында қызметтің қиындығына қарамастан, ер адаммен тең қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер жеткілікті. Солардың бірі, бүгінгі тақырыбымыздың кейіпкері – Ақкөл ауданының ПБ аға тергеушісі Аяулым Кәрімова.
Ол Алматы қаласындағы ІІМ Академиясының түлегі болып табылады. Жоғары оқу орнын бітірген соң, Аяулым Ақкөл ауданының ПБ тергеушісі лауазымына тағайындалған. Өз жұмысына адал және үлкен жауапкершілікпен қарайтын нәзік жан қазіргі таңда күрделі қылмыстық істерді тергеумен айналысады.
Қылмысқа қарсы күрестегі жетістіктері мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін А.Кәрімова ІІМ және ПД басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталған.
Ұжымда абыройлы қызметкер бүгінде сүйікті жар, екі баланың анасы болып табылады.