Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардарада жұлдызы ерте сөнген полицейлердің жұбайлары марапатталды

Шардарада ішкі істер саласында қызмет ететін әйелдермен қатар, жұлдызы ерте сөнген полицейлердің жұбайлары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай, Шардара ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында барлық карантин талаптары сақтала отырып, марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шараға қонақ ретінде АПБ-нің зейнеткері отставкадағы полиция майоры Л.Козбағарова және бөлімнің 15 әйел қызметкерлері қатысты. Аталмыш қиын да қауіпті салада қызмет етіп жүрген қыз-келіншектерге бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.

Сонымен қатар шардаралық сақшылар, қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлері А. Жәрдембаевтың жұбайы Гаухар Жанкисеева және Валентина Лачугиналарды да мерекемен құттықтап, қара шаңырақтарына арнайы барып шықты.

Сондай-ақ мереке иелеріне Түркістан облысы ПД-ның бастығы Қайрат Дәлбековтың атынан берілген бағалы сыйлық пен бөлім бастығының алғыс хаты, гүл шоқтары тарту етілді. «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген аталы сөзді естен шығармайтын тәртіп сақшылары өмірден ерте кеткен қызметтес, қарулас әріптестерін мәңгі ұмытпайтындарын осылай іспен дәлелдеді. Тәртіп сақшылары мереке қарсаңында әйелдер қауымына үлкен құрмет көрсетіп, алғыс алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру