Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны алаяқтың тұзағына түскен

Шығыс Қазақстан облысында алаяқ ауыл тұрғынының аңғалдығын пайдаланып, оның атына несие ресімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің «102» пультіне Рулиха ауылының 54 жастағы тұрғыны хабарласып, биылғы жылдың 19 ақпанында белгісіз біреудің әлеуметтік көмек көрсету сылтауымен қаржы ұйымдарының бірінен оның атына 55 000 теңге сомасында несие ресімдегені туралы шағымданған.

Алаяқтық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысты бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру