Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да біреудің көлігін рұқсатсыз иеленген қаскүнем құрықталды

ШҚО полицейлері біреудің көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады,  – деп хабарлайды Polisia.kz

Глубокое ауданы ПБ кезекші бөліміне 33 жастағы ер адам қала аумағында орналасқан дүкендердің бірінің жанында тұрған “Chevrolet” маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің айдап кеткендігі туралы жүгінген. Жәбірленуші автокөлікті 2 000 000 теңгеге бағалады.

– Патрульдік полиция қызметкерлері дереу ұрланған көлікті іздеу бойынша арнайы операция өткізді. Операция барысында “Өскемен-Шемонаиха” тас жолында ұрланған автокөлікті басқарып келе жатқан Глубокое кентінің 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Шетелдік автокөлік тәркіленді,  – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру