ШҚО-да біреудің көлігін рұқсатсыз иеленген қаскүнем құрықталды
ШҚО полицейлері біреудің көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Глубокое ауданы ПБ кезекші бөліміне 33 жастағы ер адам қала аумағында орналасқан дүкендердің бірінің жанында тұрған «Chevrolet» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің айдап кеткендігі туралы жүгінген. Жәбірленуші автокөлікті 2 000 000 теңгеге бағалады.
– Патрульдік полиция қызметкерлері дереу ұрланған көлікті іздеу бойынша арнайы операция өткізді. Операция барысында «Өскемен-Шемонаиха» тас жолында ұрланған автокөлікті басқарып келе жатқан Глубокое кентінің 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Шетелдік автокөлік тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.