Қызылордада полицейлер автокөлік ұрлығын ашты
Бұрын сотты болған жаңақорғандық азамат біреудің көлігін қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 наурызда Қызылорда облысы ПД Жаңақорған аудандық полиция бөліміне «Ауди-100» автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері автокөліктің түнгі уақытта арызданушының үйінің ауласына еркін кіру жолымен айдап әкетілгенін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлік сол ауданның аумағынан табылды. Автокөлікті айдап әкеткен күдікті бұрын сотты болған 39 жастағы аудан тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.