Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мереке күні анықталған ақтөбелік мас жүргізуші әйел қамалды

8 наурызда жүргізуші куәлігінен айырылған ақтөбелік мас жүргізуші әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурызда қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде Сәңкібай батыр даңғылындағы патрульдік полиция қызметкерлері 54 жастағы әйелдің басқаруындағы «Ваз-2109» автокөлігін тоқтатты, ол медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес көлік құралын «жеңіл дәрежеде» мас күйінде басқарған. Бұдан әрі тексеру кезінде жүргізуші әйелдің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші әйел Ақтөбе қ.УҰИ-ға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру