Алматы облысының ПД «Үздік кадр қызметкері» өз қызметінің қыр-сырымен бөлісті
Алматы облысы ПД «Үздік кадр қызметкері» Ішкі істер органдарындағы қызмет барысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір қарағанда Кадр саясаты басқармасы қызметкерлерінің жұмысы көрінбейді, алайда бұл басқарманың көптеген міндеттері бар, олар кадрларды есепке алу, атақтар, марапаттар беру, қызметкерлерді жоғары лауазымдарға ұсыну, зейнетақы тағайындау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін, ішкі істер органдарының ардагерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларын әлеуметтік қорғау мәселелерін ұйымдастыру және тағы да басқа осы сияқты ірілі-ұсақты жұмыстарды жүзеге асырады. Қызметкерлерді іріктеу, даярлау, олардың арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу, олардың кәсіби деңгейін көтеру де Кадр саясаты басқармасы қызметкерлерінің мойнында.
Дәл осындай қызмет атқаратын білікті қызметкерлердің бірі – Алматы облысы ПД Кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Исатай Бейсенбин боып табылады. Ол ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет етеді. Бүгінде ол жұмысында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Үздік кадр қызметкері» атағына ие.
– Біздің жұмысымыз қылмыстарды ашу және оларды жасауға қатысы бар адамдарды ұстау, қылмыстық істерді тергеу емес, біздің негізгі міндетіміз – өздерінің қызметтік міндеттерін табысты орындайтын және күйзеліске төзімді білікті мамандарды, кандидаттарды мұқият іріктеу болып табылады. Себебі, полиция қатарындағы қызмет шешімдерді жедел қабылдаумен, азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасаумен, олардың проблемалық мәселелерін шешумен тікелей байланысты, – дейді Алматы облысының ПД Кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Исатай Бейсенбин.