Жамбыл облысының ПД бастығы аудандық полиция бөлімдерін аралауды жалғастыруда
Жамбыл облысының ПД бастығы аудандық полиция бөлімдерін аралауды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары бойынша аудандық полиция бөлімдері бастықтарының есептерін тыңдауды жалғастыруда.
Осы аптада ол Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында болып қайтты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Меркі ауданында қылмыс деңгейі 21%-ға төмендеді, ЖКО, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны да азайды. Тұрар Рысқұлов ауданында қылмыстар саны, соның ішінде көшелерде және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 15%-ға төмендеген.
Өткен жылы, тұтастай алғанда, күшейтілген жұмыс жүргізілгеніне қарамастан, ПД бастығы аудандық полиция бөлімдері қызметіндегі әлсіз тұстарды атап өтті.
Учаскелік полиция инспекторларына азаматтармен жақсы қарым-қатынас жасауды және ұрлықтың, алаяқтық фактілерінің, есірткі айналымына байланысты қылмыстардың, жасөспірімдер қылмысының алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жанат Сүлейменов жедел-қызметтік жұмыс көрсеткіштерін жақсарту, қызметтік-әскери тәртіпті бұзуға жол бермеу, халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Жедел кеңестердің соңында ардагерлер мен ерекше көзге түскен полиция қызметкерлеріне құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.
Бұдан кейін Жанат Қуанышұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, олармен бірлесіп өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ Тұрар Рысқұлов ауданының Ақтоған, Жамбыл, Абай, Каменка ауылдарындағы учаскелік полиция пункттеріне болып қайтты.
Сонымен қатар Меркі АПБ фронт-кеңсесінің ғимаратында азаматтарды қабылдады.