Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ірі қара малдарды ұрлаған екеуді ұстады

Түркістан облысының полицейлері ірі қара малдарды ұрлаған екеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, түнгі сағат 02:00 шамасында, қорасында байлаулы тұрған үш бас сиырын ұрлап, жалпы 500 мың теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Осы оқиғаға байланысты Сайрам АПБ КПБ-ның қызметкерлері қылмыс орын алған аумақта жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде екі жас жігіттің жеке басы анықталды. Олар бұрын ұрлық қылмысы бойынша сотты болған жергілікті тұрғындар болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті екі азамат өзара келісіп, қолайлы уақытты күткен. Содан соң түнгі уақытта жәбірленушінің қорасының есігін ашып, ішіне енген. Байлаулы тұрған үш бас сиырды ұрлап, Түркістан қаласының мал базарларының біріне алып барып, сатып жіберген. Арам жолмен тапқан ақшаларын екеуі қылдай бөлісіп, бас пайдаларының қажеттіліктеріне жұмсаған.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына қырағы болуға және өз мүлкін сақтау үшін қажетті шаралар қабылдауға кеңес береді. Мүмкіндігінше аулалар мен қора-жайларын сенімді құлыптармен және қоршаулармен нығайтқаны жөн. Малды таңбалап, ен салдыру керек. Сондай-ақ бақташы жалдау қажет. Егер, сіз, мал ұрлығының болмаса басқа біреудің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру