«Ақтөбе-Астрахань» автожолында «Жедел медициналық жәрдем» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды
«Ақтөбе-Астрахань» автожолында «Жедел медициналық жәрдем» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 наурыз күні сағат 09:00-де «Honda CRV» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің жанындағы «Ақтөбе-Астрахань» автожолының 74 шақырымында, қарсы бағытта келе жатқан «Темір аудандық ауруханасы» МКК-ның тиесілі «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілген «Honda CRV» автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы көз жұмды. «Honda CRV» жүргізушісі мен «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі ОАА-ға жатқызылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жолдарда мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, ауа-райына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды сұрайды. Жол белгілерін қатаң сақтаңыз.