Жігіт Өскемен қаласының тұрғынына онлайн-несие рәсімдеген
Жігіт Өскемен қаласының тұрғынына онлайн-несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақында Өскемен қ. ПБ «102″ жедел арнасына 35 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 2020 жылы 8 қарашада таныс емес жігіт ұялы телефонын уақытша пайдалануды сұрағанын хабарлаған. Нәтижесінде жігіт әйелге 10 мың теңге мөлшерінде онлайн-микрокредит ресімдеген. Жалпы шығын 60 мың теңгені құрады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті жеткізді. Күдікті өз кінәсін мойындады. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.