Ақтөбеде ер адам зейнеткердің үйінен ақша ұрлап кетті
Ақтөбеде ер адам зейнеткерден ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғын үйге кіру арқылы азаматтардың мүлкін ұрлаудың алдын алу және ашу Ішкі істер органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
Зиянкестер тұрғын үйлерге кіру үшін әртүрлі тәсілдерді пайдаланады: есіктерді сындырады, терезелер, балкондар арқылы кіреді, құлыптардың кілттерін таңдайды және т.б.
Мысалы, 5 наурызда белгісіз біреу Актюбинская көшесіндегі зейнеткердің жеке үйіне терезені сындырып кіріп, 100 мың теңгесін жасырын түрде ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел шаралар кешенін өткізіп, нәтижесінде 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті ұрланған ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген, ал бір бөлігін полиция тәркіледі.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтөбе қ.УҰИ-не қамалды.
Сонымен қатар, күдіктінің Чкалов көшесіндегі үйден тағы бір ұрлық жасағаны, онда ол алтын сақина, сырғалар, қол сағаттары мен смартфонды ұрлап кеткені анықталды.
Полиция департаменті сенімді есіктер, құлыптар мен дабыл жүйелерін орнату арқылы сақтық шараларын қолдануды ұсынады. Пәтерден қысқа уақытқа шығып кетсеңіз де, әрқашан есіктерді құлыптаңыз.Күзет сигнализациясын орнатудан артық үйді қауіпсіздендірудің әдісі жоқ.