Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге «синтетик» тәркіленді
Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге «синтетик» тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылы 12 наурызда сағат 09.35-те Павлодар қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді.
Нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орнынан алынған бір келіден астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьері ұсталды.
– Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы ірі есірткі құралдарын жеткізушілердің бірі болып шықты, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды.