Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше тұрғынды алдап кеткен түркістандық әйел ұсталды

Түркістан облысында тұрғындарды “кәсіпкерліктен ақша алып беремін” деп алдап, шығын келтірген күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, сырттай танысы алаяқтық жолмен сеніміне кірген. Содан соң мемлекет тарапынан кәсіпкерлікпен айналысуға беріліп жатқан жәрдемақыны алып беремін деп уәде беріп, 200 мың теңге ақшасын алған. Оған қоса жұбайы екеуіне миллион теңгеден алып беретінін айтқан. Осыған байланысты 200 мың теңге ақшасын алып, уәдесін орындамағанын, не ақшасын қайтармағанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Қылмысты ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-да тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, олар бірден алаяқты іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғынын құрықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жалғасуда.

Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында одан бөлек тағы бір тұрғыннан алаяқтық жолмен 80 мың теңге мөлшерде ақша алғаны анықталды. Онда жәбірленуші әйел кәсіпкерліктен ірі көлемде ақша алып беремін деп сеніміне кіргенін айтқан. Содан күдікті әйел қаржыны бас пайдасының қажеттілігіне жаратқан. Бүгінгі күні күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, ақшаларды өз иелеріне қайтарып беретіндігін айтты.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады. Таныс емес адамдарға көп мөлшердегі ақшаны сеніп тапсырмаңыз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру