Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды

Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша тұрақты рейдттік іс-шаралар жүргізуде. Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қала орталығында орналасқан “UNION” түнгі клубының карантин режимін бұзып, жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.

Сондай-ақ, аталған нысанда қорқор шегу жайын бойынша үш азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік полицейлер азаматтармен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін карантин режимін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру