Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кабель ұрлаумен айналысқан қарағандылық жас жігіт қолға түсті

Қарағандыда кабель ұрлаумен айналысқан жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының соңынан бастап Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне көпқабатты үйлерден кабель ұрлау деректері туралы хабарламалар түсе бастады.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қылмыстарды зерделеу қаскөйдің көпқабатты үйлердің төбесіне шығып, кабельдерді кесіп алып кетіп жүргенін көрсетті. Сондықтан да полиция қызметкерлері осындай қылмыстардың барлығын бір адам жасауы мүмкін деген болжамға келді. Келтірілген шығын көлемі 150 мыңнан астам.

12 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды. Күдікті қылмыстарын мойындады. Полиция қызметкерлері оның осындай төрт қылмыс жасағанын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру