Бұрынғы күйеуі 2,2 миллион теңге алимент берешек болған әйел полицейлерге алғыс білдірді
Бұрынғы күйеуі 2,2 миллион теңге алимент берешек болған әйел полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына 8 бен 10 жастағы балалардың анасы, Петропавл қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Бұрынғы күйеуі оған 205 миллион теңге алимент төлеуден жалтарған. Әйел берешекті талап етуге тырысқан, Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Гүлмира Сағитоваға қоңырау шалғанша ол әрекеті еш нәтиже бермеген. Мәселенің мән-жайына қаныққан полиция майоры Сағитова осы жағдай бойынша өтінішпен Екінші полиция бөліміне жүгіну қажеттігін түсіндірген. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық өндіріс қозғалған.
Полицейлер жауапсыз әкенің жұмыс орнынан табысы туралы анықтама алған. Ер адамды іздеп тауып, оған қылмыстық жауапкершілік жайлы түсіндірген. Тараптардың татуласыуына байланысты медиация тәртібінде қылмыстық өндіріс тоқтатылды. Жалғыз басты ана алиментін алып, балаларға киім-кешек сатып алуына мүмкіндік туған.
– Өз хатында әйел онымен жеке жұмыс істеген Гүлмира Сағитова мен анықтау қызметкерлері Ербол Қамитов пен Санжар Атажанды атай отыра, Екінші ПБ барлық ұжымына алғыс білдірді, – дейді облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев. — Аталған жағдай — халықпен тиімді жұмыс істеудің және медиация құралдарын пайдаланудың жарқын үлгісі. Қызметкерлер өз міндеттерін атқарды, ризашылық білдірілген сөздер одан әрі қызмет етуге серпін берері сөзсіз.