Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері үш күн ішінде бұрын жасалған 8 қылмыстың бетін ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш күн ішінде бұрын жасалған сегіз қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын жасалған қылмыстарды ашу – облыс полиция ведомствосы басшысының ұдайы бақылауындағы жұмыс желісі. Бірде бір қылмыс қараусыз қалдырылмайды, жедел уәкілдер күнделікті келіп түсетін жедел ақпарат материалдарын ұдайы тексеріп, жаңа нұсқаларды пысықтап отырады. Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері екі жылдан астам бұрын жасалған қылмысты ашты. 2018 жылғы қарашада ауылдардың бірінде белгісіз қылмыскер түнде терезеден ішке еніп, құны 123 мың теңгенің құрылысқа қажетті құрал-саймандарын қолды қылған. Бұл жөндеу жұмыстарымен айналысатын құрал иесіне айтарлықтай шығын келтірді.

Қаскөйді «ізін суытпай» ұстау мүмкін болмады. Кезекті рет өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы күшейтілген жұмыс өз жемісін әкелді. Полицейлер қылмысқа көбіне жәбірленушімен бірге жиі жұмыс істеген 28 жасар аудан тұрғынының қатысты екендігін анықтады. Оның үйінен ұрланған заттардың бір бөлігі алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында барлық бағыттағы жұмыстар күшейтілді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. Операцияның үш күні ішінде бұрын жасалған сегіз қылмыс ашылды. Бұдан басқа ЖПІШ басталғаннан бері 15 қылмыс кезекші тәулікте ашылды. 1600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру