Қызылордада танысының ұялы телефоны мен алтын сақинасын ұрлаған азамат ұсталды
Қызылордада қонаққа келген азамат үй иесінің ұялы телефоны мен алтын сақинасын қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны ұрлық фактісі бойынша арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, үйіне қонаққа келген танысы күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын және алтын сақинасын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 180 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы ұрлықты жасаған 37 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.