Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазалыда тағы бір есептегі азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

Қызылорда облысының Қазалы ауданының пробация есебінде тұрған сотталған азамат қайтарымсыз грант ұтып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып,  шаруасын дөңгелетіп отырған пробация есебіндегі азаматтардың қатары көбейіп келеді. Жыл басынан бері Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын екі азамат «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды. Олар қайтарымсыз грантқа қол жеткізу үшін «Кәсіпкерлік негіздері» курсын тәмамдап, бизнес-жоспар құрып, нәтижесінде, наурыз айында 583 400 теңге көлеміндегі қаражатқа қол жеткізді. Қазір олардың бірі – құс шаруашылығын айналысып, кәсібін дөңгелетсе, екінші азамат мал шаруашылығымен айналысуда.

– Мәселен, менде мардымсыз айлыққа күнім қараған қарапайым жұмысшы едім. Бүгінде Қазалы аудандық пробация қызметкерлерінің көмегімен мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Қазіргі заманда жұмыс істеп, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Мал шаруашылығымен, бизнеспен айналысам деген адам қорықпай, екі білегін сыбанып, екі қолға бір таяқты ұстап, малдың артынан қалмай, оны күтіп-бағатын болса, рахатын көретіні анық, –  дейді есептегі азамат.

Жуырда есептегі тағы бір азамат мемлекеттен 583 400 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Алдағы уақытта бұл азамат қой шаруашылығымен айналыспақшы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру