Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД бастығы көшпелі қабылдау өткізді

СҚО полициясының басшысы облыстың шалғайдағы аудан тұрғындары үшін көшпелі қабылдауды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев үш ауданның, яғни Тимирязев, Ғабит Мүсірепов атындағы және Мағжан Жұмабаев аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Тимирязев ауданының халқымен және активімен кездесу Мәдениет үйінің залында өтті. Аудан әкімі Нұрлан Кеңесовтің қатысуымен Тимирязев ауданы полиция бөлімінің бастығы Талғат Кенжетаевтың өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы баяндамасы тыңдалды. Тимирязев ауданында 11 мыңнан астам адам тұрса, төрт ауылдан тұратын орталық ауылдық округінде бес мыңдай адам тұрады. Учаскелік полиция инспекторы Нұржан Есқожин округке қызмет көрсетеді. Полиция департаменті бастығы мал ұрлығы, есірткі қылмыстары және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын кеңінен жүргізу туралы тапсырма берді.

Полиция бөлімі бастығы және учаскелік полиция инспекторының есебін тыңдаумен осындай кездесу Новоишимское ауылында да өтті. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан облыс аудандарының ішінде аумағы, халқы бойынша ең ірі әрі ең шалғайдағы аудандардың бірі болып табылады. Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжанов 2020 жылы ауданда 235 қылмыс тіркелгені туралы баяндады. Қылмыс ашу деңгейі 90% құрады. Облыс полициясының басшысы Марат Төлебаев интернет-алаяқтық фактілерін ескерту бойынша жұмысты жандандыра түсу қажеттігін атап көрсетті: аудан тұрғындарының назарына профилактикалық бейне роликтер ұсынылды. Сондай-ақ, СҚО Полиция департаменті бастығы ҚР ІІМ бастамасы бойынша 1 ақпаннан «102» мобильдік қосымшасының іске қосылғаны туралы еске салды, қосымшаның көмегімен смартфоннан тікелей кезекші бөліміне қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы фото, бейне және мәтіндік хабарламаларды жолдауға болады. Аудан тұрғындарының бір бөлігі аталған қосымшаны орнатып та үлгерген екен, дей тұрғанымен аудандық полицейлерге бұл жаңашылдықтың пайдасы туралы кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды. Аудан әкімі Ағзам Тастеміров жаңашылдық және облыстық полицияның жұмысындағы басымдықтар туралы толық түсініктеме жеткізгені үшін алғысын білдірді. Кездесу аяқталғаннан кейін Тимирязев ауданындағы кездесудегідей ауданның белсенді тұрғындарына Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, облыстық полиция ведомствосының басшысы азаматтарды жеке қабылдады.

Облыстың бас полицейі өңірдің солтүстік-шығысында орналасқан Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласына барды. Марат Төлебаев аудан әкімі Қайрат Омаровпен бірлесе, полиция бөлімінің азаматтарды қабылдауға арналған бөлмесін, сондай-ақ теміржол вокзалының маңында орналасқан учаскелік полиция пунктін тексерді. Полиция пунктінде күн сайын үш полиция офицері кезекшілік атқарады, учаскелік инспекторларға аудан орталығындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге 19 бейне бақылау камерасы көмектеседі. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бимендин аудан тұрғындары алдында есеп берді. Марат Төлебаев қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту туралы тапсырма берді және аудан тұрғындары мен активіне бірізді байланысты қамтамасыз ететін мобильдік қосымшаның әлеуеті туралы түсінік беріп, тұрғындарды интернетте заттарды сатып алмақ болған жағдайда алаяқтардың құрығына түспеу үшін барынша сақ болуға шақырды. Кездесу аяқталғаннан кейін бірден төрт аудан тұрғыны жеке қабылдауға жазылды. Екі сұрақ мектептен кейін және әскерден кейінгі қызметтен кейін ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу жөнінде болды, сондай-ақ ауылдық полицейлерге екі алғыс айтылды.

Соңғы екі айда СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев облыстағы он үш ауданның тоғызында осындай форматта кездесу өткізді. Бұндай іс-шаралардың басты міндеті – ашықтық, айқындық және жұмыстың сервистік моделі қағидаларын жүзеге асыру шеңберінде тәртіп сақшыларының жұмысы туралы халықтың пікірін зерделеу болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру