Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік ер адам тұрғындардың телефонын сұрап алып, қашып кетті

Ақтөбеде белгісіз ер адам жүргіншілерден қоңырау шалу сылтауымен телефондарын алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға кешке Есет батыр көшесінде болған. Жолаушы 18 жастағы жергілікті тұрғынға жақындап, қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Қолына байланыс құралын алған қаскүнем кейін қашып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 100 мың теңгені құрады.

Полицейлер арызданушының айтуынша бағдар жасап, аталған қылмысты жасаған күдіктіні тапты. Телефонды бұрын бірнеше рет сотталған Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны ұрлап кеткені белгілі болды. Ол телефонды сатып, ақшасын жұмсағанын мойындады.

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған азаматтың тағы бір осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Күдікті бірнеше күн бұрын 20 жастағы жігіттің ұялы телефонын осылай иемденген.
Екі факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ер адамды ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Облыстың полиция қызметкерлері азаматтарды мұқият болуға шақырады. Телефонды бейтаныс адамдарға бермеңіз және қырағы болыңыз және сақтық шараларын сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру