Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ассенизаторлық көліктердің жүргізушілері жауапқа тартылды

Павлодарда лас суды белгіленген орындардан басқа жерге төгуді жүзеге асырған ассенизаторлық көліктердің жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының учаскелік полиция инспекторлары күн сайын түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтайды.

– Жыл басынан бері облыс полицейлері лас суларды белгіленген орындардан басқа жерлерге төгуге жол берген ассенизаторлық машиналардың алты жүргізушісін анықтады, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мәселен, Павлодар қаласында тәртіп сақшылары лас суларды Малайсары батыр көшесіне төгуге жол берген «ЗИЛ-130» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісін анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, құқық бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың лас суды төгу үшін Щедрин-Архангельская, Малайсары батыр – Пензенская, Қаз.Правда – Саябақ көшелерінің қиылыстарындағы кәріз коллекторларын белгілегенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру