Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс сақшылары кәмелетке толмағандармен жұмысты күшейтті

Павлодар қаласы Орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде олардың қатысуымен және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны азайып келеді, – деді Орталық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Әсия Әлкеева.

Мәселен, 2021 жылғы 16 наурызда Павлодар қаласының Қамзин көшесіндегі компьютерлік клубта кәмелетке толмағанның заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болу фактісі анықталды. Аталған мекеменің әкімшілігіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, ал аталған кәмелетке толмағанның заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, Әсия Әлкеева ата-аналарға көктемгі демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олармен әңгімелесуге ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру