Тараздық полицейлер ірі көлемдегі ұрлықты ашты
Тараздық полицейлер ірі көлемдегі ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің өкілі полицияға хабарласып, сол түні, сағат 05:00 шамасында, белгісіз адамдар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан сауда үйінің есігін бұзып кіріп, құрал-саймандарды ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Материалдық шығын көлемі сегіз жүз мың теңгеден асады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.Құрал-саймандар иесіне қайтарылды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.