Қарағанды облысында ІІО ардагерлері Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының 7 ардагері Қазақстан халқына ізгі тілектерін жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарының ардагерлері – қоғамдық тәртіп пен халықтың тыныштығын қорғау ісіне өз өмірлері мен жалындаған жастық шағын арнаған адамдар болып табылады. Өмірлерінің басым бөлігін осы салаға арнаған ардагерлер зейнетке шыққаннан кейін де тыным таппай, жас ұрпақты қызметке адалдыққа, халыққа жанашырлықпен қарауға, сондай-ақ еліміз бен жеріміздің тыныштығын жанқиярлықпен күзетуге баулумен, полиция қызметкерлерінің патриоттық рухын көтерумен айналысады.
Олар полиция қызметкерлері өткізетін әрбір шараға белсенді араласып, игі істердің ұйытқысы болуды жалғастыруда. Бұл жолы да ардагерлеріміз жақсы істердің жаршысы болудан тыс қалған жоқ.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының Ішкі істер органдарында түрлі жылдары қызмет атқарған ардагерлер бас қосып, Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, баталарын берді.