Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады

ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларға 23 наурыз-1 мамыр аралығында облыстың республикалық маңызы бар жолдарында әрбір білігіне 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілетіні туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО жолдарында «Қазақавтожол» ЖШС филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатады.

Бұл шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқыны кезеңінде трассалардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты.

Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік, жолаушылар мен багажды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын, жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қолданылмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру