Қызылордада білім беру мекемесінің аумағынан ұрлық жасаған екеу қолға түсті
Жалағаш ауданының тұрғындары білім беру мекемесіне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының Полиция департаменті Жалағаш ауданының полиция бөліміне 16 наурыз күні білім беру мекемесінің басшысы арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреулердің мекеменің ауласында тұрған «Камаз» автокөлігінің қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткендігі туралы көрсеткен.
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ауданның тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысты екі күдікті азаматты ұстады. Олар 47 және 28 жастағы аудан тұрғындары болып шықты. Күдіктілер жасаған қылмыстарын толық мойындады. Айғақ заттар алынды.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.